2024-11-23 04:49:24
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тұран ауданы: Құрсайда 151 шақырым су құбыры тартылды

Тұран ауданы: Құрсайда 151 шақырым су құбыры тартылды

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Тұран ауданы тұрғындарымен есептік кездесуі өтіп, жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспардың орындалу барысы баяндалды.

Қазір аудан аумағындағы 20 елді мекеннің тұрғындары тұрақты түрде сапалы ауыз су тұтынуда. Биыл Құрсай шағынауданын тіршілік нәрімен қамту жұмыстары аяқталады. Осыған дейін су жүйелерінің 92 пайызы, яғни 151 шақырымы тартылған. Жоспар бойынша ауданның ауыз сумен қамту көрсеткіші жыл соңына дейін 100 пайызды қамтитын болады.

Ал, сапалы электр қуатымен елді мекендердің 99,5 пайызы қамтамасыз етілген. Бүгінде Құрсай шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы жарықпен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Құрылыс келесі жылға өтпелі.

Былтырғы жылы Ақтас, Ақтас-2 және Ақжар, Арғымақ елдімекендерін газдандыру құрылысы аяқталған. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» тарапынан құбырларға сынама жұмыстары жүргізілуде. Табиғи газ аталған шағынаудандарға жылу маусымына дейін берілетін болады. Ал, Айкөл, Құрсай, Жаңаталап шағынаудандарының жаңақұрылыс аумағын газдандыру үшін бүгінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аудан 2025 жылы көгілдір газбен толық қамтылатын болады.

Мұрат Дүйсенбекұлы халық тарапынан түскен барлық сұрақтарға жауап беріп, жаңа ауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жоспарларды түсіндірді. Сондай-ақ аудан әкіміне басқарма басшыларымен тығыз жұмыс жүргізіп, азаматтардың талап-тілектеріне қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР