2024-11-23 08:38:51
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Төлебиде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Төлебиде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында бірқатар жобалар қолға алынған. Төлеби ауданы, Ленгір қаласында ауыз судың дебетін ұлғайту мен сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылы «Көктерек» су тазалау ғимаратының құрылысы басталды.

Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. ҚР Ұлттық қорынан қаржы қаралған. Қазіргі таңда мердігер мекерме арқылы 2200 м3 резервуар құйылып, ауыз суды тазарту станциясы салынды. Нысан басына су тазарту құрылғысы орнатылды.

Бүгінде су тазалау құрылғысын бағдарламалау және іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаны 2023 жылдың шілде айына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жобада ауыз суды тазарту және су көлемін ұлғайту қарастырылған.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев «Көктерек» су тазалау ғимаратының құрылысымен танысып, мердігерлерге бірқатар тапсырма жүктеді.

Жауапты басшыларға елді мекендерді толық сапалы ауыз сумен қамту бағытында бұлақтар көзін ашып, гидрологиялық зерттеулер жүргізуді міндеттеді.

Сондай-ақ ауданда тозығы жеткен су құбырлары ауыстырылып, бұлақ көздерін қоршау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, аудан аумағында, қажеттігіне орай, жерасты су ресурстарына арнайы зерттеу жұмыстары басталған.

«Көктерек» су тазалау ғимаратының құрылысы жобада көрсетілген мерзіміне сәйкес жүргізілуде. Нысанның құрылысының сапасы бақылауда. Су сүзгі толық орнатылып, пайдалануға берілгенен кейін Ленгір қаласында ауыз су тапшылығы шешіліп, сапасы жақсарады деп күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР