2024-11-24 20:06:27
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тісі ауырған науқастарға түнде де қызмет көрсетіледі

Тісі ауырған науқастарға түнде де қызмет көрсетіледі

Республикадағы үшінші мегаполис медицинасыны қатысты тағы бір айрықша атап өтерлік оқиғаның бірі Шымкенттен ашылған ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинеті болып отыр.

Бұл кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан  және басқа да мүмкіндігі шектеулі балалардың  ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен немесе наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.

Өз кезегінде Асар шағынауданындағы балалар ауруханасынан ашылған стоматалогиялық кабинетте де ақ халаттылар кішкентай науқастарды тегін қабылдайды. Ол үшін пациент жергілікті емханадан  жолдама алып келуі қажет. Стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар ауыз қуысына диагностикалық тексеру жүргізіліп, тиісті ем-дом тағайындалады. Кабинет рентген, наркоз аппараты сынды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Осы тақырыпқа қатысты тағы бір тың жаңалық, Шымкент қалалық стоматологиялық емханасында  түнгі уақытта да қызмет көрсететін кабинеттер саны өсіп келеді. Онда тіс дәрігерлері күндіз және кешкі 20:00-ден таңғы 08.00-ге дейін  түнгі ауысыммен  жұмыс істейді.

Күндіз балаларға 17 терапевтік және 4 хирургиялық кабинеттерде қызмет көрсетілсе, түнгі ауысымда 3 дәрігер мен 2 медбике тісі ауырған науқастарды қабылдайды. Бұл бірінші кезекте Шымкент қаласында тұрғындарға медициналық көмекті қолжетімді және сапарысн арттыру үшін қажет. Яғни басы ауырып, балтыры сыздаған кез келген науқас уақыттың қай мезгіліне қарамастан кепілдіндірілген медициналық көмектің барлық түрін алуға міндетті. Шымкент қалалық әкімдігі осы орайда тұрғындарға жайлы жағдай қалыптастыру үшін барынша медициналық көмекті қолжетімді етуге тырысып бағуда. Соңғы ашылған стоматологиялық кабинеттер міне соның бір айғағы деуге болады.

Емхана дәрігерлерінің айтуынша түнгі ауысымда бір күнде орта есеппен 17-25 бала ем алуға келеді екен. Ал күндіз бала саны 500-600 –ге дейін барады. Бұған дейін тек бір кабинет жұмыс істеп келген. Содан   емделушілер ұзақ уақыт кезекке тұруға мәжбүр болған.  Аталған кемшілікті жою мақсатында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан нақты шара қолға алынып, соның нәтижесінде түнгі ауысымда жұмыс істейтін қосымша екі кабинет іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР