2024-11-24 02:06:38
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Техникалық қызмет көрсету келісімшарты электронды жүйеге көшті

Техникалық қызмет көрсету келісімшарты электронды жүйеге көшті

Шымкент қаласында 29 компания үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал мұржалар мен желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар. Олармен тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері енгізіліп, іске қосылды. Осылайша техникалық қызмет көрсетуге келісімшартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар.

Осыған байланысты жауапты мамандар қысқы мезгілде жылыту құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Осыған орай қала тұрғындарына иіс газынан уланудың алдын алу үшін үйдегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасау қажеттілігі түсіндірілуде.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала әкімінің тапсырмаларына сәйкес тұрғындар арасында газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеді. Жыл басынан бері тұрғындарға 42 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар БАҚ беттерінде видеороликтер, мақалалар жарияланып, арнайы мамандандырылған мекемелердің басшыларының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.

Мұндағы мақсат – жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан туындайтын улану жағдайларын болдырмау.

Өйткені көп жағдайда жылыту маусымында газдан улану жылыту құрылғысының істен шығуынан немесе дұрыс емес қолдануынан туындап жатады. Ал оның соңы кейде қайғылы жағдайларға әкелуі де мүмкін. Мамандар сондықтан да әрбір қала тұрғыны сервистік орталықтармен келісімшартқа тұрып, өзін және отбасын төтенше жағдайдан аман сақтап қалуға шақырады. Дегенмен статистка көрсеткендей соңғы уақытта жаңа талаптың күшіне енуіне байланысты газдан болатын төтенше оқиғалар саны күрт кемігені байқалады. Тиісті органның мақсаты ондай жағдайды қалада тіптен болдырмау. Осыған байланысты бүгінде әкімдік тарапынан тиісті шаруалар атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР