2024-11-24 17:09:45
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының басты негізі

Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының басты негізі

Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ өкілдері Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылап, пікір алмасты. Жиынға қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері мен этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысты.

Қалалық ҚХА жанындағы ғылыми сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев биылғы Жолдау жаңа экономикалық бағдарымызды айқындап бергенін айта келе, мемлекеттік басқару ісін жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып өтті. Ендігі ретте әрбір азамат Жолдаудан өзіне жүктелген міндетті жете білуі тиіс.

Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов жаңадан кәсіп бастаушылар мен жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға жеткілікті қолдау бар екенін айтты. Бизнесті ілгерілете отырып, адами капиталды дамыту бойынша өз ойларын жеткізді. Кәсіпкерлерге енді бизнесін дамытуда ешқандай кедергі болмайтынын ұғындырды.

Сонымен қатар, корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак Жолдауды жүзеге асыруда бірлесе, ынтымақтаса еңбек етуге шақырды. Татулық пен тұрақтылық – ел дамуының басты негізі.

«Сонымен бірге президеттік сайлауды өз мерзімін күтпей алдын ала өткізу өте дұрыс шешім болған. Өйткені алда тұрған реформаларды жүзеге асыруда саяси жағдайлар көңілді өзіне аудармау керек. Екіншіден саяси науқандармен жүріп, уақытты өткізіп алмау да маңызды.

Президенттің барлығымызды ерекше толқытқан сөзі әрине, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа толмаған әрбір қазақстандық баланың жеке шотына аударуы жайында болды. Дұрыс қой, бала біздің болашағымыз. Елдің ертеңгі егесі де солар. Сондықтан бірінші кезекте солардың дұрыс тәрбиеленіп, қалыптасуына, ешкімнен кем болмай өсуіне жағдай жасалуы керек. Осы тұрғыдан алғанда Президенттің мұндай шешімі өз уақытында және өте әділ болды деп есептеймін.

Жалпы биылғы Жолдауда Қазақстанның жаңа саяси-экономикалық, әлеуметтік және құқықтық саладағы дамуы тарихымыздың тағы бір кезеңінің басталғанын аңғартты. Мұны демократиялық жолға жасалған батыл қадам деп түсінгеніміз абзал» деді жиынға қатысушылар.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақовтың айтуынша, Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша жиындар одан әрі жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР