2024-11-24 17:40:24
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламаның көмегімен 11 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Түркістан облысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 471 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 100 174, млн. теңге қаралған. Қазіргі таңда жоспар 75,6 пайызға орындалып, 346 жобаның құрылыс жұмыстары толық аяқталған.

Оның 238-і әлеуметтік-мәдени, 13-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 59-ы инженерлік-көлік инфрақұрылым, 30-ы елді мекендерді абаттандыру, 6-уы құрылыс салаларына тиесілі.

Айталық, 206 мектеп жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, нәтижесінде 130 мыңнан астам баланың сапалы білім алуына жағдай жасалды. Келес ауданында 1 аурухананың жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, 10 спорт мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 470 баланың спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасалды.

Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 5 аудан, қалада су жүргізу жүйелері орнатылып, нәтижесінде 11 851 халық таза сумен қамтылды. Сонымен қатар, 3 аудан, қалада жалпы ұзындығы 6 825 метр кәріз жүйелері және Арыс қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің жылу жүйесі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, жобаларды іске асыру барысында 12 579 жаңа жұмыс орындары ашылып, 10 926 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы құрылған уақытша жұмыс орындарына орналасқан.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық
филиалының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР