2024-11-23 19:09:02
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттің әлеуметтік қызмет көрсетудегі методикаларын өзге облыстар да ендірмек

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің озық тәжірибесін үйрену үшін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері Шымкентке келді.

Сала өкілдері ең бірінші «Бақытты жанұя» орталығының жұмыс методикасымен танысты. Бірегей мекеме — көп балалы және аз қамтылған аналардың өзекті мәселелерін шешумен айналысады. Орталық жыл басынан 41 мыңнан аса анаға қызмет көрсетіп, кәсіптік курстарға оқытқан. Мемлекеттік грант алу бойынша заңды кеңес беріп, өз бизнестерін ашуға дейін жетелеуде. Нәтижесінде «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанып үлгерген.

Әлеуметтік қызметкерлер бұдан соң «Белсенді ұзақ өмір» орталығына барды. Қариялар мұнда жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек құрылысына арналған емдік шай ішіп, тұз кешенінде тыныстап, ем алуда. Сонымен қоса, дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар жасауда. Арасында араб, ағылшын тілін үйрету курстары өткізілсе, қосымша қызмет алушылардың кино көріп, сенсорлық бөлме мен кітапханада кітап оқып демалуға жағдай жасалған.

Ал, мүгедектігі бар азаматтар үшін қызмет көрсететін мемлекеттік «Тең қоғам» орталығы әзірге Шымкент қаласында ғана бар. Мұнда «Бір терезе» қағидасымен 5 бағыт бойынша — әлеуметтік такси қызметі, санаторлы – курорттық емделуге жолдама алу, инватакси қызметі ұсынылады. Биыл жыл басынан орталық тарапынан 8216 мүгедектігі бар азаматтарға көмек көрсетілген.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Ратбекұлы, қаламыздағы әлеуметтік мекемелер жұмысын жоғары бағалап, дәл осы методиканы өз өңірлерінде де енгізуге ниетті екенін айтты.

Жалпы үшінші мегаполистегі әлеуметтік қызметтер көрсету мекемелерінің жұмысы — республикамыздың өзге өңірлеріне үлгі. Бұған дейін де еліміздің басқа облыстарынан тәжірибе алмасуға келгендер көп.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР