2024-11-24 01:31:13
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте қоғамдық көлік қызметінің сапасы жақсарды

Шымкентте қоғамдық көлік қызметінің сапасы жақсарды

Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 1000 қоғамдық көлік бар. Оның ішінде 876 автобус жолаушыларды тасымалдап жүрсе, қалғаны резервте тұрады. Жалпы, шаһарда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 10 көлік компаниясы бар. Олар: «Shymkent-Bus», «T-Bus», «Автоимпульс», «MAN-Оңтүстік», «М и Р и Со», «ТТК», «Радуга транспорт»,  «Санжар-Моторс», «Абдуганиев» және «Автокомбинат №4».

Қоғамдық көлік саласының қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан өтініш жиі түсіп тұратыны жасырын емес. Осыған байланысты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биылғы сәуір айында бақылау жұмыс тобы құрылған болатын. Тұрғындар мен мамандардан құрылған арнайы топ жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетін, жол ақысын төлеудің заңдылығын, қоғамдық көліктердің тазалығын, автобустардың уақтылы жүруін қадағалайды.

Сонымен қатар, қала ішіндегі бағыттарда жүретін автобустарға қатысты күнделікті рейд жүргізіледі. Соның нәтижесінде жол жүру ережесін бұзудың 442 дерегі анықталып, тиісті шара қолданылды, дейді жауапты мамандар. Осылайша бүгінде қоғамдық көлік саласының қызметіне талап едәуір күшейтілген. Ал бұл, өз кезегінде, қызмет сапасының жақсаруына септігін тигізеді.

Осы ретте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тарапынан да жуырда жиын өткізіліп, онда аялдама атауларын қазақша атауға және автобус ішінде қазақ тілді жарнамалардың орнатылуына көңіл бөлу қажеттігі туралы кеңестер берілді.

Сонымен бірге айта кетерлігі автобустардың кесте бойынша жүруіне Ікөлік қосымшасы үлкен септігін тигізіп. Спутник арқылы қоғамдық көліктердің бағыты бүгінде бақылауға алынып, оны сондай-ақ жоғарыда аталған қосымша арқылы қаланың кез келген тұрғыны телефонынан көріп отыра алады. Бұл өз кезегінде жолаушылардың уақытты тиімді пайдаланып, автобустар кестесін алдын ала біліп отыруға мүмкін берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР