2024-11-23 22:13:34
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындар алдында сөйлеген сөзінде министр жалпы республика және қала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндап, министрліктің алдағы жоспарлары туралы айтты.

—Шымкент қаласының экология ахуалын жақсартуға арналған жол картасында 29 іс-шара қамтылған болса, оның 10-ы орындалды. Мәселен, қоғамдық көліктердің басым көпшілігі газға көшкен. Тұрғындарды табиғи газбен және кәріз жүйесімен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Ауаны ең ірі ластаушы болып саналатын Шымкент мұнай өңдеу зауыты толық модернизациядан өтіп, өндіріске қоршаған ортаны қорғайтын технологиялар енгізілді. Мұның бәрі қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға көмектеседі, — деді С.Брекешов.

Кездесу барысында қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер қозғалды. Мәселен, Шымкент қаласының шеткі шағынаудандарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мен қайта өңдеу саласы және атмосфералық ауаның сапасы секілді проблемалар талқыға салынды.

Есеп беру кездесуінен кейін министр азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда ормандарда – 2 миллиард, ал елді мекендерде 15 миллион көшет егуді тапсырған болатын. Осыған орай Шымкентте тал егу жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының берген мәліметі бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында мегаполисте жалпы саны 20 мыңнан астам тал көшеттері егілген болса,  соның ішінде 4 аудан мен дендросаябақ және қала маңындағы жасыл белдеуге де тал-дарақтар отырғызылды.

Тал егумен қоса демалыс орындарын да көбейту жергілікті әкімдіктің күн тәртібінде тұрған мәселе. Жалпы, қазіргі таңда Шымкентте саябақтар саны 9, бұдан бөлек 39 гүлзар бар. Жоспарға сай алдағы уақытта мегаполистің көгалды аймағы мен демалыс орындарын көбейту мақсатында тың жобалар қолға алынады. Жаңа гүлзарлар да соның есебінен салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР