2024-11-25 20:15:14
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Әкімшілік сотта дауласқандардың 18 пайызы келісімге келген

Шымкент: Әкімшілік сотта дауласқандардың 18 пайызы келісімге келген

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Бек Әметов мәлім етті.

– Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында дауласушылардың едәуір бөлігі келісімге келіп жатыр. Осы жылдың 1 шілдесінен жұмысына кіріскен сотта қаралып аяқталған істердің 18 пайызы татуласып, ортақ мәмілеге келді, – деді Бек Әметұлы.

Брифинг барысында қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Г.Қыдырбаева шілде айынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Әкімшілік сотқа ағымдағы жылдың шілде айынан бері 416 әкімшілік талап түсті. Олардың ішінде 114-і сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымданумен байланысты. Ал 73-і жер дауы, 64-і салық заңнамасынан және 60-ы мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар бойынша, қалған бөлігі басқа да санаттарға кіреді, – деді Гүлмира Дұрысбекқызы.

Айта кетейік, әкімшілік сотта мемлекеттік орган мен азаматтың (немесе заңды тұлғаның) арасындағы даулар қаралады. Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте осы тараптардың сот процесінің кез-келген уақытында бітімге келуге мүмкіндік жасалған. Ал бұрынғы заңнамаларда мемлекеттік органдармен татуласу қарастырылмаған еді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР