2024-11-23 08:24:42
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% — ға өсті

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% - ға өсті

Бұл ретте өсім тұрғын емес ғимараттар салу есебінен болды.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, Қазақстанда 2023 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8% — ға ұлғайып, 295,4 млрд.теңгені құрады.

Көлемнің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (35,4% — ға) мен құрылыстарды (5,3% — ға) салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

2023 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша тұрғын емес ғимараттар (24,7%) және тұрғын ғимараттар (12,5%) құрылысы бойынша жұмыстар ең көп үлесті алады.

Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстарының көлемінің ұлғаюы республиканың 19 өңірінде байқалды.

Ең үлкен өсу:

  • Жамбыл облысы-75,2%
  • Маңғыстау облысы-55,6%
  • Ақтөбе облысы-27,8%
  • Абай облысы — 25,3%
  • Қызылорда облысы – 21,3%
  • Атырау облысы – 18,9%
  • Павлодар облысы-17,0%

Айта кетейік, республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары — 73,4%, шетелдік — 26,3% және мемлекеттік — 0,3% орындаған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР