2020 жылы Қазақстанда алты әуе компаниясының қызметі тоқтатылып, екеуінің сертификаты қайтарып алынды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.
Халықаралық азаматтық авиация күні Азаматтық авиация комитеті елдегі авиация саласының маңызды тұстары мен қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары пайдаланушының 43 инспекциялық тексеруін және 8 сертификациясын жүргізді.
«6 оператордың қызметі тоқтатылды: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ. BekAir, Sigma Airlines әуе компанияларының сертификаттары қайтарып алынды. Авиациялық әкімшілік әуе кемелеріне 240 инспекциялық тексеру жүргізді, 79 азаматтық әуе кемелеріне мемлекеттік тіркеу куәлігі берілді, ұшуға жарамдылық туралы 145 сертификат, 17 авиациялық техникаға техникалық қызмет көресету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты берілді. Әуежайларға 15 инспекциялық тексеру, 20 сертификациялау жүргізілді. Авиация персоналына куәлік беру бойынша 2638 мемлекеттік қызмет, авиациялық оқу орталықтарына 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 3 авиациялық оқу орталығының қызметі тоқтатылды: Bek Air, Ultuga және Sky School», делінген хабарламада.