2024-11-21 14:28:17
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры білім беру саласына айтарлықтай көңіл бөліп жатыр

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры білім беру саласына айтарлықтай көңіл бөліп жатыр

Елмізде қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқартуға қатысты жұмыс жүргізілуде. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өңірдегі ең ірі 50 мектеп таңдап алынып, жаратылыстану мен бастауыш сынып мұғалімдері арнайы даярлық курстарынан өтті. Аталған мектептерде құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесі енгізілді. Бұл жайында «Jelken Foundation» Қорының төрағасы Арман Байғаскин Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, бұл жобаға Қонаев қаласы, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарының білім ордалары қатысты.

«Осы жобаның жалғасы ретінде білім беру саласында «Қазақстан халқына» қорының арнайы қолдауымен осы мектептерде физика, химия, биология кабинеттері Бил стандарттарына сай жабдықталды. Жобаны тиімді іске асыру үшін «Jelken Foundation» қоғамдық қорының командасы жабдықталатын кабинеттердің инвентаризациясын жүргізіп, ұсыныстар әзірледі. Барлық кабинетте жайлы әрі эргономиалық жиһаздар, сенсорлық интерактивті тақталар мен әлемдік бренд Pasco цифрлық датчиктер орнатылды», – деді спикер.

150 мектептің кабинеттері жабдықталды. Атап айтсақ, 111 кабинет жаңадан толықтай жабдықталды. 39 кабинет қажетіне сай жабдықталды. 25 мыңға жуық мектеп оқушылары жаңа кабинеттерде сабақтарын жалғастырады.

«Jelken Foundation» қоры осы жобаның операторы ретінде «Қазақстан халқына» қорының жетекшілігімен мектептерді сапалы және уақытылы жабдықтауды қоса алғанда бұл жобаның барлық процесін жүзеге асырды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірге атқарылып жатқан жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Жабдықталған кабинеттерде менторлармен бірлесіп, практикалық жұмыстар жасалады. Мұндай жобалар елде білім саласының дамуына үлес қосуда. Ол – педагогтер мен оқушыларға құйылған инвестиция.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР