2024-11-24 16:34:46
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қала әкімі Көкбұлақ елдімекені тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Көкбұлақ елдімекені тұрғындарымен кездесті

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекенін инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан құрылыс барысын тексерді.

Тұрғын алапқа былтыр толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған.

Сондай-ақ 2021 жылы тұрғындар ауыз су мен жарыққа 100% қол жеткізді.

Ал көгілдір отынмен осы жылдың ІІІ тоқсанында қамтылатын болады, құрылыстың 90% атқарылған.

Осындай игі істердің атқарылуына Шымкент қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі даму жоспары сеп болуда. Осынау жоспарға сәйкес алдағы үш жылда қаланы табиғи газбен, ауыз сумен және сапалы электр энергиясымен жүз пайызға қамту, ал кәріз жүйесінің үлесін елу пайыздан асыру көзделген. Оның үстіне Шымкент облыс орталығынан өз алдына дербес республикалық мәні бар мегаполиске айналған соң мемлекеттік қазынадан бөлінетін қаржы көлемі де бірнеше есеге ұлғая түсті. Сондықтан бюджеттен бөлініп жатқан қомақты қаражатқа қаланың инфрақұрылым жүйелерін дамыту мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.

2 390 тұрғыны бар Көкбұлақтағы тағы бір мәселе — жолды асфальттау болатын. Қазіргі таңда 9 көшенің бесеуіне тас төселсе, төртеуі асфальтталды. Жалпы былтыр 6 шақырымға шағал тас төселген.

Келер жылы Ағыбек ата, Үркінбай ата, Жомарт ата көшелеріне асфальт төселеді. Ал 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері асфальтталатын болады.

Қоғамдық көлік мәселесі шешілген,№146 және №180 маршруттары қойылған.

Бұдан бөлек, былтыр 2, биыл 1 балалар алаңшасы пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде қайда барып ойнарын білмей жүрген балалар заманауи барлық жағдайы қарастырылған ойын алаңшасында бос уақыттарын көңілді де қызықты өткізуге мүмкіндік алды.

Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылы 800 метр Есбол қажы көшесі жарықтандырылды.

Құрылыс нысандарын аралай жүріп, жергілікті тұрғындармен кездескен әкім басқа да проблемаларға көңіл аударып, оның шешілу жолдарын жауапты басқарма басшыларына  тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР