Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясы төрағасының орынбасары ретінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша дайындалған⠀Жол картасының⠀10-шы іс-шарасында биылғы жылда кәсіптік білім беру саласында мамандар даярлау, дуальді оқыту моделін енгізу қаламыздағы колледждердің барлығында іске асыру жоспарланған. Осы іс-шараның орындалуын бақылауда ұстауға жауапты болғандықтан, «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» мекемесіне барып, мониторинг жұмыстарын жүргіздім. ⠀
⠀
2021-2022 оқу жылында колледжде 1106 студент білім алуда.⠀Штаттық кестеге сәйкес⠀ұжымда⠀98 педагог жұмыс жасайды, оның 62- оқытушы, өндірістік оқыту шебері -36. Сапалық құрамы: жоғары санатты – 15, І санатты – 23, магистрлер саны -28, педагог-шебер-3, педагог-сарапшы — 4, педагог-модератор-9.⠀
⠀
Колледждің әлеуметтік әріптестеі-32 кәсіпорын, олармен кәсіби іс-тәжірибие өткізуге келісім шарттар түзілген оның ішінде дуалдық жүйе бойынша 10 кәсіпорынмен жұмыс жасалуда. Оған қоса колледж «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясымен екі жақты меморандум жасасып қазіргі таңға сол аймақта орналасқан⠀(8 кәсіпорынмен) ЖШС «Әлем-БТ», ЖШС «АГФ-Групп», ЖШС «Тұмар», ЖШС «Назар Текстиль», ЖШС «Бал-Текстиль», ЖШС «Azala Cotton», ЖШС «Оңтүстік Кашемир» ЖШС, ЖШС «Lux Shoes» фабрикаларында колледждің студенттері кәсіби іс-тәжірибиеден өтіп, бітіруші түлектер жұмысқа⠀орналасады.⠀Дуальды оқытуда барлық жағдай қарастырылып, білімнің сапалы болуына атсалысуда.