Шымкенттің барлық аудандарында⠀“Отбасымызбен дауыс береміз” акциясы өтуде. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы тұрғындарының жалпыхалықтық референдумдағы белсенділігі жоғары. Оған дәлел: тұрғындар жанұясымен барлығы келіп дауыс беріп жатыр. ⠀
⠀
Солардың бірі — Алтанова Интизар апа. Ол ұлы мен келінін, немерелерін ала келді. Олар №142 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады. ⠀
⠀
Бүгінгі күн отбасымыз үшін мереке секілді басталды. Осындай маңызды оқиғада қалай үйде отырамын. Немерелерімді ерітіп келіп қалдым. Еліміздің болашағы — осы жастарымызда. Немерелерім осы кезден осындай саяси шараларға куә болып, мәнін түсінсін деген ой болды. Халықтың ой-пікірімен санасып, референдум өткізіп жатқан президентімізге мың алғыс, — деді Интизар апа. ⠀
⠀
Сондай-ақ, ақ жаулықты апа бүгінгі қабылданатын шешім еліміздің болашағына тікелей жол ашады. Сол себепті, әр азамат дауыс беруге міндетті, -⠀деп санайды. ⠀
⠀
Сонымен қатар, Интизар апа мен де сендердей болғанмын, сендер де менің жасыма жете беріңдер деп учаскеге жиналған қауымға өз батасын берді. ⠀
⠀
Ақ жаулықты апаның осылай отбасымен келіп белсенділік танытуы көпке үлгі болды. Көпшілік тамсана қарады. ⠀
