2024-11-24 13:57:58
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Маятастың ирригациялық жүйелері жаңартылуда

Маятастың ирригациялық жүйелері жаңартылуда

Бүгін Шым шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалаға шалғай орналасқан елді мекендердің жаңадан орнатылып жатқан ирригациялық жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті.

Соның бірі — Еңбекші аудан аумағына қарайтын Маятас тұрғын алабы. Қазіргі таңда Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда.

Жалпы Еңбекші ауданы бойынша Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданында 1,6 шқ құрайтын арықтар қазылуда. Екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айында аяқталады.

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын талап етті. Ол: “Ауа райының қандай болатынын болжап біле алмаймыз және мол жауын-шашын жауғанда дайын болу үшін аумақтағы арыз-атыздар салынып бітуі керек”,-деді.

Айтып өтейік, былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шқ ирригациялық арықтар орнатылды. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шқ құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазірге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шқ болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын. Олар: Қарабастау т.а. Бойыт ата, Қаратөбе т.а. Гулабад, Қаратөбе т.а. Наурыз, Тоғыс т.а. Керуенсарай, Бадам-1 т.а. Досметов, Ш.Уалиханов №190, Қызғалдақ,Теріскей №47, Сайрам №38а, Өркен, Б.Момышұлы, Саяжол.

Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

Шымкент қаласы үшін ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын, еріген қар сулары осы арық-атыздар арқылы ағады. Сондықтан қала әкімдігі осы бір мәселеге айрықша назарын аударып отыр. Өйткені республиканың үшінші мегаполисі өзінің атына лайықты болу үшін барлық инфрақұрылымдық жүйесі сақадай сай болу керек. Қаланың жайлылығы сонысымен де бағаланады. Бұл жағынан келгенде шаһарда ескі арық-атыздарды ретке келтіру, жаңасының құрылысын бастау бойынша жұмыстар кестеге сай жүруде. Сондықтан газ, жарық, су секілді маңызды коммуналдық жүйелердей ирригациялық жүйе де сапалы әрі толықтау іске асырылуын қажет етеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР