Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы аумағындағы су басу қауіпі басым жерлерде болды.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекен-жайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс қолдау тапты.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85% орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы қараша айының 15 дейін жұмыстарды толық аяқтауды тапсырды.
Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.
Көшелердің тізімі:
- Сәуле шағын ауданыны Зерде көшесі-1000м
- Сәуле шағын ауданыны Көксай-2 көшесі-1200м
- Сәуле шағын ауданыны Ақмешіт көшесі (септик орнату)-250м
- Сәуле шағын ауданыны Бөген көшесі-1000м
- Сәуле шағын ауданыны Жеңістің 50 жылдығы көшесі-600м
- Сәуле шағын ауданыны Жаңабазар көшесі-450м
- Сәуле шағын ауданыны Тұмарлы көшесі-300м
- Забадам шағын ауданында Таусамалы көшесі-900м
- Забадам шағынауданы Тобыл, Балдаурен, Айкөл көшесі-350м
- Забадам шағынауданы Қажымұқан көшесі-200м
- Забадам шағынауданы Қарабастау көшесі-350м
- Забадам шағынауданы Макаренко көшесі-350м
- Забадам шағынауданы Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы-70м
- Забадам шағынауданы Абат көшесі, Забадамский көшесі-560м
- Шәймерденов көшесі-1700м
- Ж.Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысы-250м
- Республика даңғылы 19б үй аумағы-500м
- Ескі қалашық Хаят көшесі, Амангельді көшесі, Шымкентский көшесі-1500м
- Көк сай-1 Анарова көшесі-160м
Жалпы ирригациялық жүйе Шымкент үшін маңызды. Сол арқылы еі басты проблема көктемгі-күзгі жауын-шашын кезіндегі су тасу қаупі сейіледі. Бұл мәселені шешіп алмай көшелерді, аулаларды су басу жалғаса береді. Сондықтан жергілікті әкімдіктің қолға алған жұмыстары мегапоис дамуында үлкен маңызға ие.