Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжілісті «Nur Otan» партиясы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қайнар Абасов жүргізіп отырды. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бегайдар Әлімбетов, Кентау қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Баянғали Жұмабаев және облыстық партия филиалы аппаратының қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында Кентау қалалық білім бөліміне қарасты жекеменшік балабақшаларда еңбекақы төленбеуіне қатысты мәселе талқыланды. Бұл жөнінде Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бегайдар Әлімбетов баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінде қалалық білім бөліміне қарасты 42 жекеменшік балабақшада 1288 қызметкер еңбек етеді. Оның 14-і қалада, 28-і ауылдық округтерде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген 2019 жылдың аяғында үнемделген қаржы есебінен 1675 орын, 2020 жылы 620 орын ашылған.
«Жекеменшік балабақшаларға 2020 жылға жалпы қажеттілік 1 565 824,0 мың теңге болса, 2020 жылға сувенциядан қаралғаны 1 215 720,0 мың теңге айырмасы, яғни жекменшік балабақшалар алдындағы қарыз 350 104,0 мың теңге болатын. Оның ішінде қазан айына 39 балабақшада 933 қызметкерге 110 464,0 мың теңге. Қараша айына 40 балабақшадағы 1237 қызметкерге – 113 939,0 мың теңге, желтоқсан айына 42 баплабақшада 1288 қызметкерге – 125 701,0 мың теңге, желтоқсан айының басында жергілікті бюджеттен жекеменшік балабақшалардың қызметкерлерінің қазан айының айлық жалақысына 87343,0 мың теңге бөлініп, балабақшалардың есеп шоттарына аударылды», – деді Бегайдар Алиярұлы.
Сондай-ақ, ол бүгін болатын бюджетті нақтылауда жергілікті бюджеттен 162 638,0 мың теңге қарастырылып жатқанын жеткізді. Осы жоғарыдағы көрсетілген қаржылар берілген жағдайда жекеменшік балабақшаларға қазан, қараша және желтоқсан айларының айлық жалақылары салықтарымен толық берілетін болады. Десек те, бала басына қаржыландыру бойынша 100 123,0 мың теңге қаржының тапшылығы бар екенін де жасырмады.
Жиын қорытындысына сай «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының қаулысымен Кентау қалалық білім бөліміне қарасты жекеменшік балабақшаларда еңбекақы төленбеуіне қатысты «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филалының төрағасы, Кентау қаласының әкімі Д. Махажановқа, «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филалы төрағасының бірінші орынбасары С. Ақылбековке, орын алған еңбекақыға қатысты мәселені 2020 жылдың 30 желтоқсанына дейін толық бітіру керектігі ескертілді.
Сондай-ақ орын алған мәселе бойынша Кентау қаласы әкімінің орынбасары мен Кентау қалалық білім беру бөлімі басшысыныңк міндетін атқарушыға сөгіс түрінде партиялық шара көру туралы ұсынылды.
Осы шешімнің орындалуын бақылау «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы А. Еркінбековке жүктелді.