Қаладағы шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Биыл сәуір айында қалалық цифрландыру басқармасы 4 инвестормен меморандум жасасып, жыл соңына дейін 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жүргізді.
Заманауи талшықты-оптика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр қалада 14 елді мекен талшықты-оптика желісімен қамтылған.
Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 ,Самал 1, Самал-2, 112, кіші Самал, Тассай тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар басталып кетті. Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабы талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтылды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар.
Атап өтсек, қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, қазір осы бағытта тиісті шаралар атқарылуда. Базалық станция орнату үшін қала аумағында бос жер телімдері белгіленген.