Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүріп жатқан «Igilik Park» тұрғын үй кешеніне барып, жұмыс барысымен танысты.
Қазіргі таңда 12 000 шаршы метрлік 200 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйге кәріз жүйесі мен су құбыры 95%-ға тартылып, электр желісі жүргізілуде.
-Халықтың сұранысы сапалы су, жарық және кәріз жүйелері. Бір рет жасалған жүйе ұзақ жылдар қызмет етуі керек. Сондықтан да сапаға аса мән беру керек»-деді қала әкімі тиісті сала өкілдерімен кездесу барысында.
Айтып өтейік, «Igilik Park» кешеніндегі пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы арқылы алуға болады.
Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылуда.