2024-11-24 08:35:59
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Еңбек ұжымымен кездесті

Еңбек ұжымымен кездесті

Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелері мегаполистегі кәсіпорындарды аралады. Қоғам қайраткерлері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы «Әлем-БТ» кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар туралы пікір алмасты.

Еңбек ұжымымен кездесті

– Қазақ халқында «Сананы тұрмыс билейді» деген сөз бар. Мемлекет басшысы Жолдауында осы мәселені көтеріп, экономикаға баса назар аударды. Ел экономикасын дамытуға Жолдаудың тұтас бір тарауы арналды. Сөздің тоқетеріне келсек, шағын және орта бизнеске қолдаудың маңызды екенін, оның ішінде банктер секілді қаржы институттары да жұмыс істеп, қолдау көрсетулері тиіс. Қазақстандағы кәсіпорындар елді өз өнімдерімен қамтамасыз ететіндей жағдай жасалуы керек. Біздің де ойымызша, банктер қаржыны төмен пайызбен кәсіпкерлерге берсе, бизнеске де, тиісінше, елге де пайда болар еді. Президент Жолдауының едәуір бір бөлігі саяси өзгерістерге, оның ішінде Президент және парламент сайлауына арналды. Ал парламент дегеніміз – елге қажет заң шығаратын орган. Сол парламент сайлауы келесі жылы өтеді деп күтілуде, – деді қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметұлы.

Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпорын басшыларымен де сөйлесіп, жұмысшыларға жасалған жағдай, компанияның экономикалық саясаты туралы әңгімелесті.

Айта кетейік, «Әлем-БТ» шұлық фабрикасы Шымкенттегі ғана емес, еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың біріне жатады. Жетекшілерінің мәліметінше, өнімнің 95 пайызы экспортқа шығарылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР