Тұңғыш Президент күніне орай «Назарбаев факторы» атты жаңа деректі фильм көрсетіледі, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.
Деректі картинаны ҚР Президентінің Телерадиокешені әзірлеген.
«Назарбаев факторы» деректі фильмі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бастамалары туралы баяндайды.
Фильмге қатысуға 15 адам шақырылды. Олардың ішінде танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.
Деректі фильм барысында белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері Елбасының Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік берген негізгі бастамалары туралы айтады.
Спикерлер сыртқы саясатты, экономиканы, саяси және қоғамдық жаңғыртуды, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуді қоса алғанда, ең кең ауқымды мәселелер бойынша елдің дамуы туралы өз ойларымен бөліседі.
Фильм бүгіннен бастап отандық телеарналардан көрсетіледі. Деректі фильмді көрсету уақытын мына жерден көруге болады.