«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады.
Қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының жетекшілігімен мынадай міндеттер орындалады:
➢ 5 жылда аймақта 80 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады;
➢ Жіп иіру фабрикасы «Ютекс» АҚ (бұрынғы «Меланж» АҚ) жұмысы қарқынды жүргізіледі. Нәтижесінде жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығарылады. Бұл өз кезегінде елімізде өңделетін мақта көлемін екі есеге арттырып, 800 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді;
➢ 2022 жылы инвестиция көлемі 20 млрд теңге, территориясы 306 гектар «Жұлдыз» индустриялық аймағы іске қосылады;
➢ Алдағы 5 жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асырылады. Оған 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылады.
Нәтижесінде осы жобалар іске қосылғанда 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
➢ 2021 жылы метил-трет бутил эфир және полипропилен өнімін шығаратын 250 жұмыс орнымен «Шымкенттік химия компаниясы» ЖШС-і ашылады;
➢ 2020-2021 жылдары 250 жұмыс орнымен металлургия зауыты («Амир-А» ЖШС-і) іске қосылады;
➢ 2021-2022 жылдары ферросиликомарганец өндірісі бойынша 150 жұмыс орнымен «Қытай — Қазақстандық «Марганец Индустриалдық Группа» ЖШС-і жұмысын бастайды;
➢ 2021 жылы тоқыма иірім жіп өндірісі бойынша 200 жұмыс орнымен «AZALA Cotton» ЖШС-і ашылады;
➢ 2021-2022 жылдары полипропилен жіп өндірісі бойынша 150 жұмыс орнымен «Назар Текстиль» ЖШС-і іске қосылады;
➢ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының әлеуеті артады. Аймақта жалпы инвестиция көлемі 58 млрд теңгеге 23 кәсіпорын іске қосылып, 1 700 астам жұмыс орындары ашылады;
➢ 2023 жылы аумағы 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құрылады. Онда ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін 20 жоба жүзеге асады. 40 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 1 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады;
➢ Алдағы 5 жылда қосымша 89 гектар аумаққа (жылына шамамен 15-20 гектарға) өндірістік жылыжай салынып, жалпы көлемі 276,7 гектарға дейін ұлғаяды;
➢ Аумағы 92 га құрайтын көлік-логистикалық аймақ құру бойынша жұмыс атқарылады. Онда көлемі 200 мың ш.м. тоңазытқыш пен мұздатқыш камералары іске қосылып, 2023 жылы толық қуатына шығады;
➢ Өндірістік жылыжай, қарқынды бау, мал бордақылау, мал және құc етін өңдеу бойынша 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылады:
- 2021 ж. – 8,
- 2022 ж. – 9,
- 2023 ж. – 9,
- 2024 ж. – 8,
- 2025 ж. – 8.
Бұл өз кезегінде 1 000 астам адамды жұмыспен қамтып, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік туғызады.
Нәтижесінде қалада әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімінің бағасына инфляция үдерісін 6-8% аралығында ұстап тұруға мүмкіндік болады.
«Nur Otan» партиясының
Шымкент қаласы бойынша
Сайлауалды бағдарламасынан!
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Аширбаев!