29-30 қыркүйек күндері қалалық халықты жұмыспен қамту орталы,жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы шалғай елді мекендерінде өтті.
2000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынған жәрмеңкеде 478 адам тұрақты жұмысқа жолдама алды.
— Қаламыздың алыс елдімекендерінде тұратын тұрғындарға екі күн бойы мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен жұмыспен қамту шараларына тарту жөнінде түсіндірілді. Сонымен бірге, өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз жастарды «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға шақырамыз. Дегенмен, жәрмеңкеге келіп үлгермеген азаматтар аудандық қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлімшелеріне барып, мамандардан кеңес ала алады-дейді қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының м.а Б.Арқабаев.
Айта кетсек, қала тұрғындары жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық бөлімшелеріне жүгіне алады:
АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША
Мекен-жайы: Жиделібайсын көшесі, 92 («Бекжан»сауда орталығы, 1 қабаты)
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША
Мекен-жайы: А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы, А.Байтұрсынов
көшесі, 201
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БОЙЫНША
Мекен-жайы: «Күншығыс» м/а, Жолан батыр көшесі 115/2
ҚАРАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША
Мекен-жайы: «Нұрсат» м/а, С.Бәйтереков 89
Жалпы жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 19 мыңнан астам шымкенттіктер жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның ішінде 7 329 адам бос жұмыс орындарына, 695 адам жаңа жұмыс орындарына, 331 әлеуметтік жұмыс орындарына , 2524 адам жастар практикасымен, 2845 адам қоғамдық жұмысқа және 114 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы бойынша жұмысқа жолданды.