
Қаладағы референдум учаскелерінде елге белгілі азаматтар, өнер адамдары да маңызды оқиғадан шет қалмай, дауыс беруде. Солардың бірі – белгілі айтыскер ақын Біржан Байтуов.
№ 319 референдум учаскесіне келген белгілі азамат бүгінгі референдумның мәні зор екенін айтады.
– Еліміздің ертеңі үшін отбасымызбен бірге дауыс беруге келдік. Жаңа Конституция қазіргі күрделі кезеңде еліміздің тұрақтылығына кепілдік беретін құжат деп ойлаймын. Сол себепті отбасымызбен өз таңдауымызды жасадық. Жасы 80-ге таяған анам да маңызды іс-шарадан шет қалғысы келген жоқ. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ел іргесі сөгілмесін, – деді белгілі айтыскер ақын.
Ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар референдум учаскесіне ерте келіп, азаматтық міндеттерін орындап, маңызды саяси науқанға белсенді қатысудың үлгісін көрсетуде. Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындардың өз таңдауларын жасауына барлық жағдай жасалған.
