2024-11-24 08:40:18
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларының негізгі тізімдегі азаматтар арасында Тұран 2 шағын ауданындағы 168 пәтер және Нұрсәт шағын аудандарында орналасқан 162 пәтер бойынша конкурстар «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде.

Сондай ақ 2023 жылдан бастап жалпы «Бақытты отбасы» бағдарламасына тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек бала асыраушы отбасы санатындағы азаматтар аталған тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бастапқы жарна -10%, банктің жылдық мөлшерлемесі – 2% -ды құрайды. Ипотекалық несиелендіру 20 жылға рәсімделеді. Толық емес отбасылар санатындағы азаматтар енді бұл бағдарламаға қатыса алмайды.

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасына жалпы саны 432 лимит бөлінген болатын. 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі халықтың әлеуметтік әлсіз тобы мен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 365 отбасы несиелік баспанамен қамтылған.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша кезекті құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 06 қазан күні сағат 09-00 ден 07 қазан сағат 19-00 аралығында жүргізілді. Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 286 пәтер, 189 орамда орналасқан. Ерлі-зайыптылардың екеуіде аталған бағдарламаға қатысып, мақұлдама алған жағдайда тек бір тұрғын үймен қамтылады. Жеке-жеке үй берілмейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР