2026-03-15 13:15:48
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«БАЛАЛАРЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІМ»

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов жары Шынар Нарымбетовамен бірге Ұлағат шағын ауданында орналасқан №154 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

– Уақыт өте әлемдегі геосаяси жағдай өзгеріп отыр. Сондықтан уақыт ағынынан қалмай, жаңа Конституция қабылдау – заңдылық, уақыт талабы. Ол еліміздің халықаралық аренада жаңа бағытта дамуына, құқықтық ел ретінде өркендеуіне жол ашпақ. Сонымен қатар, жаңа бастамалар мен өзгерістер үшін жаңа заңнамалар қажет. Көп балалы әке ретінде балаларымның болашағы үшін дауыс беруге келдім. Бұл күн еліміздің тарихында ерекше орын алатыны сөзсіз. Себебі, осы күні жұртшылық негізгі заңымыз – жаңа Конституцияға қатысты шешім қабылдауы тиіс, — дейді Бахадыр Мәдәліұлы.

Айта кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары референдумға белсенді атсалысып жатыр. Шымкентте 300-ден астам референдум учаскесі бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР