2024-11-22 22:50:56
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда жергілікті өндірушілермен келісім жасалған

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда жергілікті өндірушілермен келісім жасалған

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, тұрақтандыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Арнайы құрылған  жұмысшы топ Shymcity шағынауданы «Маркет» сауда орталығындағы бағаны бақылады. Онда нан 90 теңге, сиыр еті 2350 теңгеден сатылып жатыр. Сауда нүктесі 2019 жылы ашылған болатын. Мұнда жалпы әлеуметтік бағада 12 тауар түрі бар.

Шаһарда бірінші қажетті азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар кәсіпкерлік нысандар, сауда желілері, үй маңындағы дүкендер, жергілікті тауар өндірушілермен келісімдер жасалған.

«Маркет» сауда орталығының басшысы Ақерке Байтұрсынованың айтуынша, күн сайын дүкенге 250-ге жуық нан жеткізіледі. Күн сайын әлеуметтік бағада 30 кг ет, 1200 дана жұмыртқа сатылады. Алда сауда орталығының үшінші желісін ашу жоспарда тұр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР