2024-11-25 18:14:30
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң жобасы бойынша жұмыстар аяқталды

Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң жобасы бойынша жұмыстар аяқталды

Қаржы министрлігі «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы бойынша жұмыстардың аяқталғанын мәлім етті,-деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі  Forbes.kz сайтына сілтеме жасап.

28 наурызда Елордада өткен жеке тұлғалардың банкроттығын қарастыратын заң жобалары бойынша бұқаралық жария тыңдау барысында қаржы вице-министрі Д.Е. Жанәлинов пен мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қ. И. Миятов заң жобасының негізгі ережелеріне тоқталып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Заң жобасының нормаларына сәйкес азаматтарға банкроттық процедураларының үш түрі ұсынылады: соттан тыс банкроттық, банкроттық соты және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру шарасы.

Қалған өтелмеген сома борышкер тарапынан жосықсыз әрекет ету белгілері болмаған жағдайда, айталық мүлікті немесе ол туралы ақпаратты жасыру, жалған ақпарат беру және т.б. деген сияқты – есептен шығарылады. Алайда, алименттер бойынша және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал тұрғысындағы қарыздар есептен шығаруға жатпайды.

Егер барлық міндеттемелердің мөлшері мүлік құнынан аспайтын болса, онда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасы қолданылады. Ескеретін жайт – бұл арада міндетті түрде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілуі тиіс (5 жылға дейін).

Заң жобасында, сондай-ақ банкрот деп танылған азаматтардың міндетті түрде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтуі қарастырылған. Сол сияқты, әзірленген заң жобасы аясында 21 заңнамалық актіге (8 Кодекс пен 13 Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР