2024-11-24 03:39:39
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әлеуметтік даму – Президент Жолдауының өзегі

Әлеуметтік даму – Президент Жолдауының өзегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы халықпен кездесулер жалғасуда. «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының мүшелері Бадам тұрғын алабының тұрғындарымен жүздесті.

№97 мектепте өткен жиынға білім ошағының ұжымы мен жергілікті тұрғындар қатысты. Президент Жолдауында берілген тапсырмалардың еңбек адамына тиер игілігі сөз болды.

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға баса назар аударды. Мысалы, бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы аналарға төленетін жәрдемақы мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылып отыр. Ал әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырылды. Бұған қоса сәбилерді балабақшамен қамту 100 пайызға жеткізілмек, – деді «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова.

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласын дамыту, жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне баса назар аударылғаны түсіндірілді. Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығы айтылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Шымкент май» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру аясында жұмысшылармен кездесу өтті.

Кездесуде Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рүстем Әшетаев Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Кездесуде жұмысшылар Жолдау жайлы ойларын ортаға салып, өздерін мазалаған сауалдарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР