2024-11-24 10:38:58
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әл-Фараби ауданының инфрақұрылыммен қамтылу барысы

Әл-Фараби ауданының инфрақұрылыммен қамтылу барысы

Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады. Жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамту көлемін 100 %-ға, 2023 жылға қарай кәріз жүйесімен қамту көлемін 91 %-ға ұлғайту көзделген. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев шаһар басшысы М. Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кезекті есепті кездесуінде айтты.

“Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша «Сәуле» ш/а, «Асар-2» ш/а жұмыстар жүргіздік. Жыл соңына дейін «Текесу» т/а желілік жұмыстарын аяқтап, аудан тұрғындарын толығымен ауыз сумен қамтитын боламыз”-деді аудан әкімі.

Сонымен қатар Р.Мыңбаев «Сәуле» мен «Асар-2» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары таяуда аяқталып, аудан тұрғындары табиғи газ және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін айтты.

Аудан көлеміндегі бірқатар көшелерде кәріз жүйесі іске қосылатын болады.

Биылғы жылы “Шолохов” және “Хлопзавод” көшелері бойындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Алдағы жылы «Түркістан», «Ақжайық», «Химфарм» шағын аудандарында кәріз жүйесін жүргізетін 2 жобаның құрылысы басталады.

Айта кетейік, биыл Әл-Фараби ауданы бойынша 59 жоба халық қатысатын бюджет аясында шешімін тапқан. Атап айтқанда 50 балалар алаңшасы және 9 ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді. Осы және өзге де шешімін тапқан мәселелерді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті халықпен кезекті есепті кездесуі кезінде мәлімдеді.

«Былтыр 27 ауланы абаттандырдық, соның 14-ін халық қатысатын бюджетпен жүзеге асырдық. Биыл да құрылыс қарқыны жоғары. Мұның барлығы тұрғындардың атсалысумын атқарылуда»,-деді шаһар басшысы.

Жоспарға сай бұл межені 100%-ға жеткізу үшін келесі жылы тағы 32 балалар алаңшасы мен 7 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР