2024-11-21 20:23:40
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

840-қа жуық жаңа кәсіп қазақстандық Ұлттық сыныптауышқа енгізіледі

840-қа жуық жаңа кәсіп қазақстандық Ұлттық сыныптауышқа енгізіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы ҚР Ұлттық сыныптауышына (бұдан әрі – ҚР ҰС) өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Жүргізілген талдау шеңберінде жаңартылған ҚР ҰС жобасына 900-ден астам мамандық бойынша өзгерістер енгізу жоспарлануда, оның 839-ы жаңа болады.

Өзгерістер жобасы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және «Атамекен» ҰКП-мен талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды.

Сонымен қатар жұмыс берушілер қауымдастығының, Электрондық еңбек биржасында тіркелген жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттарды әзірлеушілердің және Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласының ұсыныстары ескерілді.

№ 1 «ҚР ҰC 01-2017 Кәсіптер сыныптауышына» өзгерістер жобасы стандарттау жөніндегі Ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырылған (www.ksm.kz) «Талқылау» – «Стандарттар» – «ҚР ҰС жобаларын талқылау» бөлімінде оларға өз ұсыныстары мен толықтыруларын беруге болады, олар 2023 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР