2024-04-26 06:17:45
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

4 кәсіпкер 5 млн теңгеден грант ұтып алды

4 кәсіпкер 5 млн теңгеден грант ұтып алдыШымкент қаласында ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттық байқаудың қорытындысы айтылды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамның осал топтағы азаматтары инновациялық жобаларымен 2-5 миллион теңгеге дейін грант ұтып алуға мүмкіндік беретін байқауға қатыса алады. Осыған орай, 5-19 сәуірі аралығында қаламыздағы «Заңғар» бизнес орталығында үміткерлерден құжаттар қабылданды. Оның жалпы саны 212-ге жетті. Алайда құжаттардың толық болмауына байланысты көбісі иелеріне толықтыруға кері қайтарылды. Оның ішінде 9 кәсіпкер құжаттарын толықтырып, түзетіп қайта тапсырды. Нәтижесінде комиссияның қарауына ұсынылған 183 кәсіпкер өз жобаларын қорғады,- деді қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-иннвациялық даму басқармасының бөлім басшысы Үсен Исаев.

Сонымен гранттық конкурсқа жергілікті бюджеттен жалпы саны 150 млн. теңге бөлініп отыр. Оның 20 млн. теңгесі комиссия шешімімен 4 кәсіпкердің еншісіне бұйырды. Грант ұтып алған төрт кәсіпкер тың жобаларын ұсынып отыр.

Ендігі гранттық конкурс биылғы жылдық шілде айында өтеді. Ал қазанда республикалық бюджеттен бөлінген 46 млн. теңгеге жас кәсіпкерлер байқауы ұйымдастырылады.

Өз кезегінде грант иегерлерін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мамандары жылына екі мәрте тексеріп отырады.

Егер грант қаражаты өз мақсатына сай жұмсалмағандығы анықталса, онда кәсіпкер алған қаржыны кері қайтарады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР