2024-11-24 07:47:06
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Түркістан облысының құрылғанына екі жылдан асты.  Осы аралықта өңірімізде қыруар тірліктер атқарылуда. Атап айтсақ, облыс орталығы – Түркістан қаласында бірнеше әлеуметтік маңызы бар мәдени, спорттық нысандар мен жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде. Ендігі мақсат – облыс халқын қол жетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету. Осы тұрғыда Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.   Қазіргі таңда радиусы 15 шақырымды құрайтын азық-түлік белдеуі 2 кезеңде интенсивті технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары»  аясында атқарылуда.

Жоба аясында жалпы құны 63 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаны іске асырылуда.  Оның ішінде Түркістан қаласы аумағында 11  мың гектар алқапқа азық түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр. Нәтижесінде облысымызда жыл сайын қосымша 30 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп,  2500-ден  астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Айталық, өткен жылы «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-мен 733 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру және «МТС құру» жобалары іске асырылды.  Серіктестікке  жер көлемі 1046 гектар құрайтын 108 шаруа қожалығы біріктіріліп, 733 гектар аумаққа АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 бірлік жаңбырлатып суару машиналары орнатылды.  Сондай-ақ, аталған аумақтың 161 гектарына күздік бидай, 260 гектарға жоңышқа, 312 гектар жүгері өнімі егілген болатын. Биылғы күзгі жиын-терім жұмыстары нәтижесінде серіктестік қамбасы ауыл шаруашылығы өнімдерімен толысып, мол табысқа қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, жыл басында серіктестік күзгі жиын-терім жұмыстарына қажетті 26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын  сатып алған болатын.

Бұдан бөлек,  серіктестік жанынан итальяндық технологиямен іске қосылатын 1200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы құрылғалы жатыр.

Ал, «Ынтымақ Агро XXI» ЖШС-і  «782 гектар жерді жаңбырлатып суару технологиясын ендіру» жобасын іске асыратын болады. Қазіргі таңда 782 гектар аумақтағы 67 жер иеленушілермен бірлескен қызмет туралы келісім-шарт түзілген. Сондай-ақ,  462,8 гектарға 8 бірлік «Bauer» (Австрия) маркалы жаңбырлатқыш машиналарды сатып алуға келісім шарт жасалынған.

«KAZAGRO PROJECT» ЖШС-і жылына «20 мың тонна құс етін өндіру» жобасының алғашқы кезеңін жүзеге асыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на құжаттарын тапсырған.  Бұл жобаның алғашқы кезеңі бойынша 5 мың тонна құс етін өндіру жоспарланып отыр.

Ал, «400 гектарға жерге жеміс ағашын отырғызу» жобасы бойынша алғаш болып ерте пісетін алхоры жемісін отырғызу  жоспарлануда. Қазіргі таңда  жеміс дақылдарын отырғызудың технологиялық картасы мен жобасы әзірленуде. Бұл жобаны «Dala Fruit.Kz» ЖШС жүзеге асыратын болады.

Алдағы уақытта қосылатын жаңа жобалар арқасында жаңа жұмыс орындар саны арта түспек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР