2026-01-21 21:47:12
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ РЕТІНДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Мегаполис Қазақстанның негізгі өндірістік қаласы ретінде дамып келеді. Елдегі өндірістің ауқымды бөлігі Шымкентке тиесілі:

* мақта майының 96 пайызы;
* мақта матасының 63 пайызы;
* дәрі-дәрмектің 43 пайызы;
* мотор майының 39 пайызы;
* тазартылған күнбағыс майының 37 пайызы;
* өңделген шай мен кофенің 34 пайызы;
* цемент клинкерлерінің 30 пайызы;
* портландцементтің 22 пайызы.

2025 жылы қалада өңдеу өнеркәсібі бойынша құны 66,1 млрд теңгелік 20 өндірістік жоба іске қосылып, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Ірі жобалардың бірқатары:

«QazAlpack» – алюминий құтылар өндірісінің құны 30 млрд теңгелік 2-кезеңі іске қосылды. Зауыт жылына 2,2 млрд дана алюминий құтысын шығарады, 112 тұрақты жұмыс орны ашылған;

«Sauran Bricks» – құны 7,8 млрд теңгелік автоклавты газдалған бетон зауыты іске қосылды, жылына 300 мың текше метр газдалған бетон өндіреді.

Нәтижесінде мегаполистегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 13,3 пайызға артып, 1 528,8 млрд теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР