2025-10-20 16:31:22
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІННІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құруды ұсынды. Бұл бастама – еліміздің қаржы жүйесін жаңғыртудың және цифрлық экономиканы дамытудың маңызды қадамы болып табылады.

Мемлекеттік қордың негізгі мақсаты – жаңа цифрлық қаржы жүйесіндегі болашағы зор активтерден құралған стратегиялық крипторезерв жинақтау. Мұндай резерв ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттырып, жаһандық қаржы нарығындағы жаңа үрдістерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Президент атап өткендей, кәсіпкерлер мен іскер қауым еліміздің цифрлық дамуының негізгі қозғаушы күші болуы тиіс. Цифрлық технологияларды бизнес-процестерге енгізу, инновациялық жобаларды қолдау және блокчейн, финтех салаларын дамыту – Қазақстанның жаңа экономикалық моделінің басты бағыттарының бірі.

Цифрлық активтердің мемлекеттік қорының құрылуы елдің инвестициялық тартымдылығын арттырып қана қоймай, ұлттық мүддеге сай жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады. Бұл бастама елімізді өңірдегі цифрлық және қаржылық орталықтардың біріне айналдыруға жол ашады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР