2024-03-29 00:17:45
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

БЖЗҚ сапа менеджментінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады

Қор менеджмент жүйесін үнемі жетілдіріп отыратынын, дамуын жалғастырып, өз салымшыларының мүддесі үшін жұмыс істейтінін тағы да растады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне екінші бақылау аудитінен сәтті өтіп, бұрын берілген сапа менеджменті жүйесінің сертификатын растады. Бақылау аудиті барысында Қордың он бөлімшесінің, сондай-ақ, Алматы қаласындағы филиалдың қызметі тексерілді, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәйкестікті растау Қор салымшылары мен алушыларының үміттері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, Қор процестерін тиімді басқару және зейнетақы қызметтерінің сапасын үнемі жетілдіруге негізделген клиентке бағдарланған сапа менеджменті жүйесін қолдайтынын куәландырады.

Қор менеджмент жүйесін үнемі жетілдіріп отыратынын, дамуын жалғастырып, өз салымшыларының мүддесі үшін жұмыс істейтінін тағы да растады.

Аудитті «TUV Thuringen» сертификаттау жөніндегі неміс органы жүргізді, ол Қор басшылығының сапа менеджменті жүйесін жұмысқа қабілетті күйде ұстауға деген ұмтылысы мен БЖЗҚ-ның үйлесімді және кәсіби ұжымын ерекше бағалады.

Аудит барысында БЖЗҚ-ның сапа менеджменті жүйесі қызметінің оң аспектілерінің арасында салымшылардың барлық санаттарын ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кең диапазонын қолданудың дұрыс және үнемі дамып келе жатқан жүйесі атап өтілді. IT-технологиялар тәуекелдерді басқару саласында да, мәселен, тәуекелді оқиғалар жөніндегі электрондық журнал және проблемалық аймақтар картасының тетіктері арқылы қолданылады.

Аудиторлар Қордың инфрақұрылымды жақсартуға ұмтылысын, сондай-ақ, салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету кезінде филиал бөлімшелері қызметкерлерінің сауаттылығын ерекше атап өтті.

БЖЗҚ-да қашықтықтан оқыту жүйесінің болуы мамандардың біліктілігін және тиісінше қызмет көрсету сапасын үнемі арттырып отыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР