2024-11-24 02:09:02
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ATP 250 Astana Open финал

ATP 250 Astana Open финал
zakon.kz

Қазақстан тарихындағы алғашқы ATP 250 турнирі аяқталуға жақын. Оның ерекшелігі дайындыққа қысқа уақыт — алты апта берілді, ал матчтардың ұзақтығы үш сағатқа дейін созылды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Тартысты матчтар, кездесулердің шамамен 70% үш сетке созылды, шиеленіске толы ойындар, кортқа шыққан әр бір спортшы жеңіске ұмтылды. Теннисшілердің басым бөлігі үшін бұл маусымдағы соңғы жарыс, сондықтан олар жақсы нәтиже көрсетуге тырысты, — деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

Ең ұзақ матчты Томми Пол мен Джон Миллманның кездесуі тіркеді. Ойын шамамен үш сағатқа созылды, 171 минут. Қазақстандық Дмитрий Попко мен молдаван Раду Альботтың қарсыластығы да тура 171 минут болды. Турнир тарихына ең қысқа матч болып қазақстандық Тимофей Скатов пен фин Эмиль Руусувуоридің кездесуі енуі мүмкін — 60 минут.

Эйстер статистикасында Astana Open қатысушылары арасында беларус Егор Герасимов оқ бойы озып тұр. Допты ойынға үздік қосқандардың көшін француз Адриан Маннарино бастады – 42%. Допты ойынға қосқаннан кейін алғашқы ұпайды қоржынға салатын теннисші ретінде бір күн бұрын Михаил Кукушкинді ұтқан Эмиль Руусувуори танылды.

Турнирдің қалай өтіп жатқанына көңіліміз толады. Ойыншылардан,ұйымдастырушылардан, АТР өкілдерінен жылы лебіздер келіп жатыр, сондықтан турнирдің шешуші сәті – финалдық ойындар жоғары деңгейде өтетді деп сенеміз, — деп мәлімдеді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

Турнирдің іріктеу кездесулері 25 қазанда басталды. Astana Open турнирінің рейтингін төрт теннисші француз Бенуа Пэр мен Адриан Маннарино, жасөспірімдер арасындағы бұрынғы әлем чемпионы және жаңа буын өкілі Миомир Кечманович пен австралиялық Джон Миллман бастады.

Ұйымдастырушылардан уайлд – кард қазастандық теннисшілер Дмитрий Попко мен Тимофей Скатовқа, Дэвис кубогындағы Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Евсеевке, сондай-ақ әлемнің бұрынғы 18-ракеткасы италиялық Андреас Сеппи, Дэвис кубогындағы және командалық әлем чемпионатындағы Сербия құрамасының мүшесі Виктор Троицкиге табысталды.

Турнир кестесінің қысқаруына байланысты Нұр-Сұлтанда өткен Astana Оpen турнирі көп теннисшіге маусым соңына қарай ұпай жинауға, рейтинг жақсартуға берілген тамаша мүмкіндік болды. Пандемияға байланысты ойыншылардың қауіпсіздігіне аса назар аударылды: 1500 ПТР-сынамасы алынып, спортшылар әр төрт күн сайын анализ тапсырды. Теннисшілер үшін барынша қауіпсіз кеңістік ұйымдастырылды.

Astana Оpen корттарында Қазақстан, Испания, Сербия, Франция, Австралия, Ұлыбритания, Португалия, АҚШ, Италии, Чехия, Молдова, Аргентина, Ресей, Босния және Герцеговина, Беларусия, Германиия, ОАР, Финляндия, Жапония, Бельгия, Дания, Нидерланд, Уругвай, Хорватия, Бразилия, Үндістан, Эквадор мен Монако спортшылары шықты.

Турнирдің жүлде қоры – 275 мың долларов. Astana Open кездесулері Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұдан бөлек халықаралық трансляцияға әлемнің 28 елінен өтінім келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР