2024-04-19 08:40:33
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте цифрлық сауаттылықты арттыратын курс жүргізілуде

Шымкентте цифрлық сауаттылықты арттыратын курс жүргізілуде

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Халыққа базалық цифрлық дағдыларды оқыту курстарын өткізу, кадрларды даярлау» 88-тармағын орындау шеңбері бойынша ағымдағы жылдың халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 81,5 %-ға жеткізу жоспарлы индикатор болып белгіленген.

Бұл туралы Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының бас маманы Жанар Ақылбаева мәлім етті. Аталған көрсеткішті орындау үшін 12 мың қала тұрғынын оқыту наурыз айынан бастап қазан айының соңына дейін жалғасатын болады.

Оқу негізгі 5 бағытты қамтиды. Олар:

  1. «Электрондық қызметтер»
  2. «E-Commerce»
  3. «Базалық дағдылар»
  4. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері»
  5. «Ашық үкімет» порталы.

Жоғарыда аталғандар негізінде, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, азаматтарды қашықтан оқыту мақсатында https://shymkent-online.kz/digital сайты құрылған.

Бүгінгі таңда 1492 (оның ішінде 118 халықтың әлеуметтік осал топтағы, жұмыссыз жүрген азаматтар, зейнеткер жасына дейінгі және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар) қала тұрғыны оқытылып, олардың цифрлық сауаттылықтары арттырылғанын хабарлайды.

Сонымен қатар, осы курстың ішінде Қазақстанда алғаш рет сурдоаудармасы бар білім беретін қосымшасы іске қосылып, қазіргі таңда қазақ, орыс тілдері бойынша оқыту курстары жүргізілуде. Аталған оқуды аяқтағаннан кейін әрбір білім алушыға арнайы сертификат беріледі.

Оқудың басты мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электрондық қызметтерді үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға көмектесу.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР