2024-04-25 12:17:52
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жақынына ғана емес, жалпыға жанашыр азамат

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев.  Өз ауылының мақтанышы, ел үшін жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі және бірегейі.

Жақынына ғана емес, жалпыға жанашыр азамат

Байкен ағамыз халық қалаулысы депутат атына лайықты бола білген жан, әрқашан да адамгершіліктің туын биік ұстап, ел азаматтарымен тіл табысып, кейбірімен «Тонның ішкі бауындай» жақындасып, ортақ мәселелерді оңтайлы шешіп отырады. Әр тұрғынды байыппен тыңдап, пайымды жауап беретін , мәслихат сессияларында да қала тұрғындары көтерген мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын қарастырып келеді. «Жақсылық жүрген жерде, тапшылық болмайды» демекші, қазақ жігітіне тән жомарттылық қасиеті баршылық. Рамазан айында 500 ден аса отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіп, одан бөлек жүздеген отбасыларға кезең-кезегімен жәрдемін берді.

Сонымен қатар, «Білім басы-бейнет, соңы-зейнет» дегендей Еңбекші ауданындағы «Бадам — 1» елдімекенінде № 100 «Жұлдыз» жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі Байкен Әшірбаев, өзінің қара шаңырағына әрқашан да қолдау көрсетіп, қамқорлығын танытып, көмегін аямай келуде. Әр жылы Білім күні мерекесіне аз қамтамасыз етілген отбасыларға мектепке қажетті киім-кешекпен, оқу — құралдарын табыстап балаларға қуаныш сыйлайды.

Алтын ұя мектебіне көп қамқорлық жасайды, және де білім ордасы шәкіртімен мақтанады. Болашақ ұрпақтың денсаулығын ойлап «Спорт денсаулық кепілі» деген қағиданы ұстанып, мектепке спорт комплексін салуда атсалысып жүр.

Ердің мұраты елдің қамы. Халық даналығы осындай жомарт жандарды құрметтеп, «Қолы ашықтың – жолы ашық» деп мерейін асырады. Қазақ халқы «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, осынау ел ағаларының халық алдындағы міндетін биік қойып, еткен еңбегін насихаттауымыз керек. Көпке үлгі болып жүрген Байкен Әшірбаевқа жұмысына сәттілік тілейміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР