2022-05-24 03:24:06
15.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте тұтынушының құқығын қорғау саласы цифрлы жүйеге көшті

Шымкентте тұтынушының құқығын қорғау саласы цифрлы жүйеге көшті 1

Елімізде биылдан бастап әр сауда немесе қызмет көрсету нысанында өзінің бірегей QR-коды болады. Егер кез келген тұтынушы құқығым шектелді деп шешсе, смартфондағы арнайы мобильді қосымша арқылы кодты сканерлеп, шағым қалдыра алады.

– 2020 жылдың 25 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Енді тұтынушылардың құқығын қорғау басты назарда болмақ. Дамыған елдерде солай болуы да тиіс. Өзгерістердің негізгілеріне тоқталсақ, енді шағымдарды қараудың 3 сатылы жүйесі мен шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі түзіледі. Нәтижесінде тұтынушылардың құқығын бұзғандардың жауапкершілігі артады, арыз-шағымдардың сотқа дейінгі реттелу тәртібі енгізіледі. Бұл өзгерістер тұтынушылардың шағымдарын және тартысты жағдайларды жедел түрде шешуге мүмкіндік береді, – дейді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шымкент қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов.

Жалпы, департаментте 2020 жылы 300-ден аса өтініш-арыз қаралып, тұтынушылардың 18 910 403 теңге мөлшерінде қаржысы қайтарылған. Оның ішінде ең көбі ұшақ билеттеріне қатысты болып отыр. Атап айтқанда жолаушылар әуе компаниясының орындалмаған рейстері бойынша 11 065 279 теңгені қайтарып алған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР