2024-04-20 00:09:01
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте отандық вакцинаға сұраныс жоғары

Шымкентте отандық вакцинаға сұраныс жоғары

Үшінші мегаполис тұрғындарының басым көпшілігі коронавирусқа қарсы отандық «QazVak» вакцинасына сұраныс білдіруде.

Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

– Қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Ал вакцина салдыру бойынша елімізде көшбасшылар қатарында тұр. Яғни 1-компоненттен 166 398, 2-компоненттен 69 905 адамға егілді. Өткен тәуліктің статистикасына сүйенсек, І компонентті 1 320, ІІ компонентті 1 149 адам қабылдады. Бұл ретте медицина қызметкерлері тарапынан екпе туралы үздіксіз түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыр, – деді Б.Позилов.

Басқарма басшысы қалада вакцинация бойынша толық жағдай жасалғандығын да атап өтті.

– Екпе салдырушыларға 43 пункт және 25 жылжымалы бекет ұйымдастырылды. Яғни, вакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, 15 111 медицина қызметкері, 24 186 мұғалім және 10 451 құқық қорғау қызметкері екпе алды. Одан бөлек, 8 451 созылмалы аурулары бар азамат, 5 616 студент және 101 546 өзге санаттағы ерікті вакцина қабылдады, — деді Бақытжан Жолдасбекұлы соңғы деректерге сүйене отырып.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР