2024-04-20 01:04:29
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: дағдарыс орталықтары отбасы татулығын сақтауға көмектесуде

Шымкент: дағдарыс орталықтары отбасы татулығын сақтауға көмектесуде

Шымкентте дағдарыс орталықтарынан «психологиялық салон ашылды. Жобаның авторы – Қазақстан Кәсіби психологтар лигасының мүшесі, «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Лимана Қойшиева.

– Біздің салонның есігі 7 жасар баладан 70-80-нен асқан қарияға дейін ашық. Келушілерге кез келген мәселеде білікті мамандар психологиялық көмек көрсетуге дайын. Мақсатымыз – отбасындағы зорлық-зомбылық, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсартуға, ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілікті жоюға көмектесу, — дейді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Лимана Қойшиева.

Психологиялық кабинетте отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау мәселелері де назарға алынады. Сондай-ақ мамандар әлеуметтік осал топтарға тегін алғашқы көмек көрсетеді. Орталықта заңгер кеңесіне де жүгінуге де болады.

Айта кетейік, Шымкентте «Самғау Сенім» орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған көпбалалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетеді. Аталған орталық 2019 жылдан бастап жұмыс істеуде. Осы уақыт аралығында 579 адамға пана болып, әлеуметтік көмектер көрсетілген. Ал жыл басынан бері 311 адам қызмет алған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР