2025-07-03 10:17:01
30.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте бір тәулікте 6352 адам вакциналанды

Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 574 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 457, белгілері жоқ – 117). екі  жүз  отыз  адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 344 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы алпыс сегіз пайызды құрайды, 1179 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2601 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – төрт  жүз тоқсан  сегіз төсек орын бар, үш жүз тоқсан науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 6352 адам вакцина алды
(I компонент-2683, II компонент-3669). Егу науқаны басталғалы барлығы 389 244 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 312 108 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін қырық мобильдік топ төрт жүз отыз бес нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде жеті нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Екпе қабылда да, өміріңді сақта. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз жолы!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР