2024-04-20 06:27:46
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: «Татуластыру орталығы» арқылы талай іс оң шешімін табуда

Шымкент: "Татуластыру орталығы" арқылы талай іс оң шешімін табуда

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ғимаратында 5 тамыз – Республикалық медиация күніне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев «Татуластыру орталығы» және «Заң клиникасының» медиаторларын кәсіби мерекесімен құттықтап, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең биік өнегесі. Дана бабаларымыз тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен татуластырып, түйіндестіріп отырған. Бүгінде сол билеріміздің заңды жалғасы осы медиация болып табылады. Бұл үрдіс өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Оның үстіне Шымкент қаласының медиация өкілдігі елімізде үздіктер қатарында. Сондықтан алдағы жылдары да аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін», – деді Бауыржан Ілімшеұлы.

Өз кезезінде, «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы өкілдігінің директоры Лаура Ақшегірова еңбектерін елеп ескеріп, кәсіби мерекемен құттықтаған кәсіподақ төрағасына жүрекжарды лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.                                                              Еңбек дауларын енді сотқа жеткізбей шешуге болады. Бұл ретте 2018 жылы Шымкентте «Татуластыру орталығы» ашылды. Кабинеттің қызметі еңбек жанжалдарын сотқа жүгінбей-ақ шешуге бағытталған. «Татуластыру орталығында» білікті медиаторлар қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған «Татуластыру орталығында» 2021 жылы жалпы саны 169 адамға тегін кеңес беріліп, 141-і келісім жасалған, оның 83-і азаматтық және қылмыстық істер бойынша, 38-і психологиялық көмек алған. 2021 жылы Еңбек инспекциясынан келіп түскен 67 арыз болса, оның 28-і келісіммен аяқталған.

Сала бойынша алғанда:                                                                                                — Басым көпшілігі «Білім саласы» жалпы еңбек дауының 50-60 пайызын құрайды, оның ішінде балабақшалар;                                                                                          — «Денсаулық» мен «Құрылыс» салалары бойынша да көптеп арыз шағымдар түсуде, ол жалпы даудың 10% құрайды;                                                                                  — Шағын және орта бизнестің қызмет көрсету саласы, яғни «Ас орындары, қонақ үйлер және т.с.с.» бойынша да даулар.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Заң клиникасы» 26 сәуір 2021 жылы ашылды. Жауапты етіп кәсіби медиатор әрі заңгер Самарина Феруза Бақтиярқызы бекітілген. Заң клиникасында кәсіби медиатор, халықаралық медиатор, заңгерлер мен адвокаттар, психологтар кезекшілік етеді. Сол уақыттан бері жалпы саны 19 адам заңдық кеңес алған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР