2022-07-02 01:28:37
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қаланы цифрландыру

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – ортақ мүддеміз.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ортақ мүдде біріктірген отаншыл азаматтардың белсенділігі – қаланың табысты дамуының кепілі. Біз бұл мақсаттарға «Ақылды қала» жобасын іске асыру арқылы қол жеткіземіз.⁣⁣⠀
Біз мемлекеттік органдар мен қала тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыруымыз қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары – ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.⁣⁣⠀
Осыған байланысты алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы екі бағытта жұмыс жасайтын болады:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Біріншіден,⁣⁣⠀
➢ 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 95 пайызы «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылады;⁣⁣⠀
➢ 2020 жылы Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын қызметтердің 90% автоматтандырылып, 2025 жылы көрсеткіш 95%-ға жеткізіледі;⁣⁣⠀
➢ Қала сауда объектілерінің 65 пайызы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшіріледі;⁣⁣⠀
➢ Жергілікті мәслихат пен Қоғамдық кеңес отырыстарында қала дамуының өзекті мәселелері қаралады;⁣⁣⠀
➢ Қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назары аударылады;⁣⁣⠀
➢ Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті іске қосылады.⁣⁣⠀
Екіншіден,⁣⁣⠀
➢ Шымкент қаласы «Ақылды қалалардың» жаһандық рейтингіне енген қалалардың біріне айналады;⁣⁣⠀
➢ «Мектептерде бейнебақылау камераларын орнату», «T-hunter» мұғалімдерді жұмысқа орналастырудың автоматтандырылған жүйесі мүмкіндігін кеңейту жобалары іске асады;⁣⁣⠀
➢ «103 – жедел медициналық қызметін жаңғырту» және «Кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу» жобалары іске асады.⁣⁣⠀
➢ Әлеуметтік нысандарға IT элеметтерін енгізу», «Ақылды квартал», «Ақылды көшені жарықтандыру», «Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды диспетчерлендіру» жобалары іске асады;⁣⁣⠀
➢ «Жер саласындағы сұранысқа ие мемлекеттік қызметті автоматтандыру», «Қаланың ситуациялық орталығын қосу» және «109» мониторинг және жедел ден қою қызметін енгізу» бағдарламалары іске асады;⁣⁣⠀
➢ «Қоғамдық көліктерде электрондық билет беру жүйесін енгізу» және «Ақылды тұрақ» жобалары іске асады;⁣⁣⠀
➢ «112» бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметін енгізу», «Жол қозғалысын және жалпы бақылау камералары санын ұлғайту» жобалары іске асады;⁣⁣⠀
➢ «Бірыңғай әлеуметтік ID-картаны енгізу» жобасы жүзеге асады.⁣⁣

«Nur Otan» партиясының⁣⁣⠀
Шымкент қаласы бойынша⁣⁣⠀
Сайлауалды бағдарламасынан!⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Аширбаев!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР