2024-03-29 03:35:45
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Nur Otan» депутаты халқына жақын

Жұлдыз жақта жағдайы нашар отбасылар көптеп шоғырланған. Үнемі телеарна журналистерінен көмек сұрап жатады. «Бір түсіріп кетсеңіз, елдің назары ауып, жағдайымыз дұрысталар» деп ойлайды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Кейінгі уақытта мазаламайтын болды. Сөйтсем, Байкен аға Әшірбаев қамқорына алған екен. Қуанып қалдым. Жасаған жақсылығы көп. Жіпке тізбейді, журналистерді шақырып сүйіншілемейді. Жарнамаға мүлдем жоқ. Камераны жақсы көрмейді. Тонналап талай азық таратсада атын атамауды сұранады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Депутаттыққа түскенде де дауыс іздеп сарпылмады. «Бұйырса, халыққа қызмет етерміз»,- деп сабырмен достасып жүрді. Мандат бұйыра сала, баспен сүңгіп кетті. Мақсаты халыққа қызмет көрсету. Жеке қабылдауына келгендердің мәселесін Заң аясынан бөлек,өзі шешіп беруге атсалысып жүр. Халық мәз.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Рейтинг деген шыққалы аптал азаматтың алдыңғы қатардан көрінгенін қаладым.

Айғаным Күмісбек!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР