2024-04-18 11:52:50
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бүгін дәстүрлі санақ жұмыстары басталды

Бүгін дәстүрлі санақ жұмыстары басталдыӘл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев және Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сырым Мәдиевпен бірге «Оқушылар сарайында» құрылған №6 нұсқаушылық учаскенің жұмысымен танысып, бүгін басталған дәстүрлі санақта интервьюерлерге сәттілік тіледі.
Ұлттық санаққа дайындық жұмыстары кезінде Әл-Фараби ауданындағы нысандарды толық қамту мақсатында 28 учаскеге бөлінген болатын. Бүгінде ұстаздар, орам басқарушылары және ерікті жастардан құралған топта 1 айға созылатын ақысы төленетін 192 интервьюер санақ жұмыстарын бастады.
1 қыркүйекте басталған онлайн режимдегі санақ жұмыстары 15 қазанға дейінгі аралықта https://sanaq.gov.kz/ сайтында жалғасады. Ал дәстүрлі түрде интервьюерлердің көмегімен 1-30 қазан аралығында өткізіледі. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.
Шымкент қаласы тұрғындарына санақшыларға ашық мәлімет ұсынып, санақтың әділ өтуіне ықпал етуін сұраймыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР