2024-04-19 08:39:07
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында меморандумға қол қойылды

Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында меморандумға қол қойылды
Шымкентте жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында «НГСК КазСтройСервис» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен өзара бірлескен меморандумға қол қойылды.
«ҚазҚұрылысСервис»-бұл жаһандық қатысуымен жобалау, сатып алу және құрылыс жөніндегі технологиялық компаниясы. Компанияның тәжірибесі мұнай-газ, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік секторлар үшін құрылыс шешімдерін ұсынуға келгенде әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналады.
Жалпы, «КазСтройСервис» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалында 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті мамандар (бетоншы, ағаш ұстасы, дәнекерлеуші, тас қалаушы және т.б.) қажет.
Осыған орай, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері «КазСтройСервис» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы басшысымен кездесіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Алғашқы жұмыс орны» бағыттарымен таныстырды.
Мемлекеттік бағдарламаның жұмыспен қамту бағыттарына қызығушылық танытқан компания өкілдері алдағы уақытта 200-ден аса жұмыссыз азаматтарды өңірде жүргізілетін құрылыс жұмыстарына және Ресейдегі филиал тарапынан іске асатын 18 жастан 60-жасқа дейін 1000-ға жуық жұмыссыздарды вахталық әдіспен тартуға келіссөз жүргізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР